$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Мысыр президенті «Ислам мемлекеті» радикалдарымен күресу үшін жалпыарабтық коалиция құруды ұсынды

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
974
Мысыр президенті «Ислам мемлекеті» радикалдарымен күресу үшін жалпыарабтық коалиция  құруды ұсынды

«Мысыр Президенті Абдул-Фаттах Ас-Сиси, «Ислам мемлекеті» радикалдарымен күресу үшін жалпыарабтық коалиция құруды ұсынды», - деп жазады Рейтерс агенттігі. Ол «біз тап болған аймақтық проблема бұл өте қауіпті, сондықтан бірлесе алдын алсақ қана төтеп береміз», - деген ойда.

Президент өз сөзінде, терроризммен күресу үшін Біріккен Араб Әмірліктері мен Иордания өз әскери күштерін жіберетінін айтып өтті. Олардың әскер жіберуіне Мысыр Әскери әуе күштерінің Ливиядағы «Ислам Мемлекеті» шебіне шабуыл жасағаны түрткі болыпты.

Бұл шабуыл жөнінде Мысыр билігі не АҚШ, не коалицияның өзге мүшелерімен де ақылдаспаған. «Өзара келісімсіз жасалған әуе шабуылына, «исламшылдардың» қолынан қаза тапқан Мысырлық 21 шаруаның өлімі себеп болды», - деп хабарлайды ақпарат агентігі.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ