Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Беларусь үкіметі елдегі инфляция деңгейін төмендетуге қол жеткізуге мүдделі

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
800
Беларусь үкіметі елдегі инфляция деңгейін төмендетуге қол жеткізуге мүдделі

Белорусь үкіметі елдегі инфляция деңгейін төмендетуге қол жеткізуге мүдделі. Олар 2016-2020 жылдарда инфляцияны жылына 10 пайыздан асырмауды көздейді. 2015 жылға арналған Үкіметтің іс-әрекет бағдарламасында осындай қағида бар.

Құжатқа сәйкес, Үкімет баға мен тарифтың өсу қарқынын төмендетумен, баға тұрақтылығымен айналыспақ. Бұл үшін жедел түрде монополияға қарсы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. 2014 жылы Белоруссияда тұтыну тауарларының бағасы 11 пайызға өседі деп жоспарланғанымен, 16,2 пайызға шарықтады.

2015 жылы макроболжамға сәйкес, республикада инфляция 12 пайыздан аспауы тиіс. Ал халықаралық рейтингтің агенттіктері, Белоруссияның мемлекеттік облигациялары көрсеткіші төмендеуі мүмкіндігін айтты.

Оның себебі, экономиканың баяулығы мен төлем балансының нашарлауы, сондай-ақ Ресей тарапынан қаржылай қолдау көлемінің төмендеуі деп көрсетеді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ