Белорусь Үкіметі
елдегі инфляция деңгейін төмендетуге қол жеткізуге мүдделі. Олар 2016-2020
жылдарда инфляцияны жылына 10 пайыздан асырмауды көздейді. 2015
жылға арналған Үкіметтің іс-әрекет бағдарламасында осындай қағида бар.
Құжатқа
сәйкес, үкімет баға мен тарифтың өсу қарқынын төмендетумен, баға тұрақтылығымен
айналыспақ. Бұл үшін жедел түрде монополияға қарсы зерттеу жүргізуді жоспарлап
отыр. 2014 жылы Белоруссияда тұтыну тауарларының бағасы 11 пайызға өседі деп
жоспарланғанымен, 16,2 пайызға шарықтады.
2015 жылы макроболжамға сәйкес
республикада инфляция 12 пайыздан аспауы тиіс. Ал Халықаралық рейтингтік
агенттіктері Белоруссияның мемлекеттік облигациялары көрсеткіші төмендеуі
мүмкіндігін айтты. Оның себебі, экономиканың баяулығы мен төлем балансының
нашарлауы, сондай-ақ, Ресей тарапынан қаржылай қолдау көлемінің төмендеуі деп
көрсетеді.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ