Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордалық кәсіпкерлер елімізде тұңғыш рет білім саласына корпоративтік басқару жобасын енгізді

AstanaTV
25.02.2015ж. 13:00
1616
Қызылордалық кәсіпкерлер елімізде тұңғыш рет білім саласына корпоративтік басқару жобасын енгізді

Қызылордадағы индустриалды-техникалық колледж түлектері дипломмен бірге өңдіріс орындарына жұмысқа жолдама алады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен бірге колледждерді корпоративтік басқару жөнінде пилоттық жоба әзірлеп, оны іске асыру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде жұмыс берушілер қажетті маман даярлауға тікелей қатысуға мүмкіндік алды.

Алмат болашақта «ошақ қасындағы» кәсіппен шұғылданғысы келеді. Аспаз мамандығы бойынша білім алып жүр. Аспаздыққа деген құмарлық өзіне ата-анадан берілгенін айтады.

Алмат Бекболатұлы, Қызылорда индувстриалды-техникалық колледжі студенті:

Біз көптеген аспазшылармен тәжірибе алмасамыз, соның арқасында көптеген жұмыстар үйренеміз. Бізде қазір мүмкіндік туып отыр. Оқу бітіргеннен кейін жұмысқа тұрып кетуге мүмкіндік жақсы берілген.

Қазір ол қаладағы белді мейрамханалардың бірінді тәжірибе жинақтап жүр. Бизнес пен білім ордасының біріккен жобасын қолдаушы кәсіпкерлердің бірі - Ерлан Раимов келешек аспазшылар үшін өз мейрамханасын тәжірибе алаңына айналдырды.

Ерлан Раимов, кәсіпкер:

Бизнесмендерің көбі кәсібін жүргізе бастаған шақта осы маман тапшылығы проблемасына тап болады. Соңдықтан осы күрделі мәселені ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге өз колымызға алып, колледжді корпоративтік басқарудан бастадық. Дуалды жүйемен оқытамыз, яғни, теорияны азайтып, іс-тәжірибені көбейту керек.

Жалпы индуструалды-техникалық колледжде он үш мамандық бойынша бес жүзге жуық студент білім алады. Оның жетпіс бесі жобаға қатысушы. Жұмыс берушілер үш мамандыққа басымдық беріп отыр.

Тәшен Оразбек, Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі директоры:

Негізгі мақсаты-корпоративтік басқаруға бизнестің біздің оқу процесіне салатын үлесі. біз Ассоциация кәсіпкерлерімен бірігіп бұрынғы оқу бағдарламасына жаңадан кәсіпкерлердің талабы бойынша қажетті қандай сабақтарды өту керек, кәсіпкерлердің сұранысы бойынша оқу сабақтарын кіргізіп, солардын сұранысына дайын маман шығару.

Оқу топтары аптасына бірнеше рет өңдірістік базаларда тәжірибе дәрістерін өтеді. Жобаға қатысушы үш ірі компания алдағы уақытта оқу-өңдірістік алаңдарын кеңейте түспек. Жаңа жоба бойынша білім алған алғашқы түлектерді жұмысқа қабылдайтын да солар.

Гүлмира Әлназарова, Қызылорда облысының ҰКП сарапшысы:

Колледжде Қауымдастықтың өкілі-эдвайзер жұмыс істейді. Ал жоспарда осы корпоративтік басқару жүйесін басқа колледждерде еңгізіп, назарды ауыл шаруашылық мамандықтарына қоямыз.

Ал Алмат пен оның жолдастары бұдан әрі Германиядағы кәсіптік палата базасында білім алуды аңсап жүр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі он алты колледж арасында байқау жариялап, үздікті анықтамақ. Германияға жолдаманы ең мықты шәкірттер алады.

Шарипа САҚТАПОВА