$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Президент сайлауын 2015 жылы өткізу бастамасын халықаралық сарапшылар қолдады

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1379
Президент сайлауын 2015 жылы өткізу бастамасын халықаралық сарапшылар қолдады

Қазақстанның тұрақты дамуы бейбітшілік пен тыныштықтың арқасында. Ал сайлау өткізіп алу арқылы халықпен бірлесе қиын қыстауды бастан кешіру - көрегендіктің белгісі деп білемін. Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесі жанындағы Еуразия әлеуметтік зерттеу институтының профессоры Чжао Чанцзин осындай ойын жеткізді. Ол Қазақстандағы саяси жағдайлар шет елдік сарапшылардың назарында екенін айта келе, Ассамблеяның бастамасына қытайлық сарапшылар да жан-жақты баға беріп жатқанын жеткізді.

Чжао Чанцзин, ҚХР мемлекеттік кеңесі жанындағы еуразиялық әлеуметтік дамуды зерттеу институтының профессоры:

Бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси жағдайында қажеттіліктен туындаған, дер кезінде ұсынылған бастама. Алға қойған «Қазақстан - 2050», «Нұрлы жол» секілді экономикалық даму бағдарламаларының, ел ішінде өткізілгелі тұрған халықаралық шаралардың ойдағыдай орындалуына ықпал етеді. Сайлау - экономика, саясат, әлеуметке де тиімді бастама.

Италиялық сарапшылар да елімізде жан-жақты талқыланып жатқан президенттік сайлау жөнінде пікірін білдірді. «Қазақстан қарқынды дамуын одан әрі жалғастырып, алға қойған жоспарларын жүзеге асыра береді. Президент сайлауын өткізу - қазақ елінің бар күш-жігерін экономикалық мәселелерді шешуге жұмсауына мүмкіндік туғызады». Италияның жоғарғы геосаяси зерттеулер институтының  «Еуразия» бағдарламасының жетекшісі, доктор Дарио Читати осындай пікірде.

Дарио Читати, Италияның геосаяси зерттеулер институтының «Еуразия» бағдарламасының жетекшісі:

Барлық экономикалық жобаларды жүзеге асыру, тіпті ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу елдегі тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан, егер келесі жылы парламенттік сайлау өтетінін ескерсек, осы екі шараны бөліп өткізу арқылы, жыл соңында Қазақстанның бүкіл әлемге өзін алдағы бес жылға тұрақты саяси жүйені қамтамасыз етіп алған ел ретіне көрсетуіне мүмкіндігі бар.

Жұрағат БАМАН