$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кездесуіне билет құны шарықтап тұр

AstanaTV
25.02.2015ж. 13:00
1203
Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кездесуіне билет құны шарықтап тұр

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жекке VIP-билеттер құны 65 мың АҚШ долларын құрамақ. Бұл жөнінде Allboxing.ru сайты хабарлады. Екі боксшының кездесуі 2-ші мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Олардың арасындағы келісім шарт 21-ші ақпанда бекітілді. Бұған дейін Голливуд жұлдыздары мен бокс ардагерлері маңызды жекпе-жектерге билетті тегін алатын. Енді жағдай басқаша. Промоутерлік компания басшысы Боб Арум «Тегін билет ешкімге берілмейді. Барлығы ақша төлеуі тиіс.

««Қазір маған жан-жақтан телефон шалушылар көбейді. Барлығына билет сатылады»,-деп жауап бердім»,-дейді. Мейвезер  Пакьяо кездесуіне билет сату әлі басталған жоқ. Дегенмен, бейресми ақпаратқа сәйкес, қарапайым билеттердің орташа құны 10 мың АҚШ долларына жеткен.

Спортшылардың сыйақысы белгілі. Жекпе-жекке келіскені үшін Мейвезер 120 миллион АҚШ долларын иеленеді. Мэнни Пакьяо 80 миллион долларды қалтасына басады.

Самат ҚАНАҒАТОВ