Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралмандардың қоғамдық ұйымдары бүгін президент сайлауын өткізуді қолдады

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1263
Оралмандардың қоғамдық ұйымдары бүгін президент сайлауын өткізуді қолдады

Оралмандардың қоғамдық бірлестіктері мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу бастамасын қолдайды. Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Жебеу» оралман кәсіпкерлер бірлестігінің жетекшілері сайлаудың маңыздылығын атап өтті. «Президент сайлауын биылдан қалдырмай өткізу - ең ұтымды жол», - дейді шетелден көшіп келген қандастарымыз.

Айта өтейік, елімізге бүгінгі уақытқа дейін ресми түрде 962 мың этникалық қазақ көшіп келген. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, оралмандардың саны қазір 1 млн адамнан асады. 

Омарәлі Әділбекұлы, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бүкіл әлемде мұнайдың бағасы түсіп, қаржылық дағдарысты иемденіп келе жатыр. Оның үстіне мынау ТМД айналасында Батыс пен Ресей текетірес өмір жалғасып жатыр. Басқа да көптеген қайшылықтар, қиындықтар өмір сүріп келе жатыр. Осындай жағдайда, халқымызда сөз бар ғой, сақтансаң, сақтаймын деген. Біздің мемлекетіміз үшін, жас мемлекетіміз үшін етек-жеңді қымтап, әр қандай болатын дағдарысқа, қиыншылыққа сақадай сай тұру керек деп ойлаймыз. Осы тұрғыдан мына Ассамблеяның ұсынысы көптің көңілінен шықты деп ойлаймыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ