Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар басталып та кетті. Тұңғыш Президент мұражайында «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Мұнда келушілер Қазақ хандығының тарихындағы айтулы оқиғалардан хабар беретін құнды жәдігерлерді тамашалады.
Ресей патшайымы атынан Абылай ханға берілген қылыш, Бөлек батырдың дулығасы, мөр-жүзіктері басқа да құнды заттар көрменің маңызын аша түсті.
Ұрпақтар осы жердегі әр
суретке, әр затқа үңіліп қарайды. Қалай болды екен біздің мемлекетіміз деп. Біздің арманымыз мәңгі ел болсын деп армандаймыз.
Көрменің ерекшелігі музейдің қорында бар жәдігерлермен жасақталғаны.Көзі тірі суретшілердің елімізге белгілі суретшілердің қазақ тарихына, қазақ хандығына арналған суреттері қойылды.
Кең байтақ жеріміз туралы деректерді өшпестей етіп бейнелеген суретшілердің, мүсіншілер мен зергерлердің туындылары тағылымды тарихтан сыр шертіп тұрғандай. «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» көрмесі 28 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА