$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Атыраулық шенділер наркологиялық тест тапсырғысы келмейді

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
1633
Атыраулық шенділер наркологиялық тест тапсырғысы келмейді

Атыраулық атқамінерлер наркологиялық тестілеуден өтпей-ақ, медициналық анықтама алғысы келеді. Кейбірі тіпті лауазымын пайдаланып, диспансер қызметкерлеріне сес көрсетеді екен. 

Светлана Страмоусова, Атырау облыстық наркологиялық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Кәулігін көрсетіп, құқығымды бұздың деп, шу шығарады. Есікті тарс жауып, жағымсыз көңіл-күй қалдырып кетіп қалады. Бірақ бәрібір тест тапсырады. Биылдан бастап жүргізуші куәлігін алатындарға арнайы үлгі толтырылады, нарколог дәрігер қол қояды. Сондықтан лауазымына қарамай, тесттен өткіземіз.

Ооблыстық наркологиялық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, қан құрамында есірткі бар-жоғын анықтайтын тест талаптарына мойынсұнғысы келмейтіндер тым көп. «Арасында әкімдік өкілдері, прокуратура мен түрлі комитет қызметкерлері бар», - дейді аурухананың бөлім меңгерушісі Светлана Страмоусова. Дәрігер шен-шекпендіге де, қарапайым азаматтарға да талап бір екенін айтады. Атырау облысы бойынша 781 адам наркологиялық диспансерде есепте тұр. Соның 146-сы - алғаш рет тіркелгендер. 

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ