Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскеменде тоғыз қабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
1003
Өскеменде тоғыз қабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды

Өскеменде тоғыз қабатты үйде өрт шығып, 15 адам құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жауға отты дұрыс қолданбау себеп болған. Салдарынан үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер жанып кетті. Іштегі жиһаз бен өзге де заттардың күлі ғана қалды.

Ал пәтер иесі 76 жастағы қария түрлі деңгейдегі күйіктермен аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ол улы газдан да тұншыққан. Өрт толық ауыздықталғанша, жалын ошағына жақын орналасқан пәтер тұрғындары эвакуацияланып, бірнеше сағат далада жүрді.

Марина Лискова, Өскемен қалалық ТЖД басқармасының баспасөз хатшысы:

Өрттен қатты түтін тарады. Сондықтан улы газдан зардап шекпесін деп, 15 адамды сыртқа шығардық. Жыл басынан бері өрттен 7 адам қаза тапты.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Алдыңғы жаңалық