Американың
миллиардері Дональд Трамп, АҚШ президенті орынтағына Республикалық партия
атынан дауысқа түспек. Бұл туралы Washington Post басылымы жазды. Миллиардер тілшілерге берген сұхбатында, бұл
шешімге жақсы өмірді көздеу үшін бармағанын айтқан.
Сұқбаттан
үзінді келтірейін: «Барлығы мен бұл қадамға уақытты жақсы өткізу үшін немесе
жақсы атақ үшін барды деп ойлайды. Мен көңіл көтеру үшін барып отырғам жоқ,
өйткені елімізде көңіл аударатын жайсыз мәселер жетерлік»,-деген.
Бизнесмен
сайлауалды жарыспен айналысуға көмектесетін мамандар жалдағанын айтты. Трамптың
мұндай мәлімдеме жасауы алғаш рет емес. Қаңтар айының аяғында ол Independent
газетіне «АҚШ-қа бұрынғы айбынын қайтара алатын жалғыз адаммын» - деп
мәлімдеген-ді.
Айта кетейік, миллиардер қазіргі америкалық билікті, әсіресе
сыртқы саясатты бірнеше рет сынға алған болатын.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ