$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҰҚК Шекара қызметінің экс басшысына қатысты сотта Жоламановтың төрт қорғаушысы тыңдалып бітті

AstanaTV
27.02.2015ж. 13:00
1592
ҰҚК Шекара қызметінің экс басшысына қатысты сотта Жоламановтың төрт қорғаушысы тыңдалып бітті

ҰҚК Шекара қызметінің экс басшысына қатысты сот отырысында Жоламановтың төрт  қорғаушысы да тыңдалып бітті. Сот талқылауы барысында адвокаттар мемлекеттік айыптаушының келтірген фактілерін негізсіз әрі дәлелсіз деп атады.

Атышулы процеске күдіктінің  туған інісі, ресейлік кәсіпкер Бекбай Жоламанов алғаш рет қатысты. Оның айтуынша, ағасы Нұрлан Жоламанов қаржыға мұқтаж болмаған. «Отбасымызда 11 бала. Ақшадан қысылсақ бір-бірімізге көмек қолын созамыз. Нұрланның пара алуға дейін баратын қаржылық қажеттілігі болған емес» - деді ол.

Жоламановтың өз кінәсін мойындамай, айыптауды «саяси тапсырыс» деп атауын да  құптап отыр.

Бекбай Жоламанов, Нұрлан Жоламановтың інісі:

С мнением брата я соглашаюсь. Но он говорит о каком то клане. Или что либо, я немогу сказать. Потому что, лицом к лицу с братом не беседовал.

Кешегі сот талқылауында мемлекеттік айыптаушылар ҰҚК  Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуін сұраған. Ал бүгінгі сот процесі түстен кейін жалғасын таппақ. Онда екінші айыпталушы Қайрат Балмағамбетовтың қорғаушысы, одан кейін Нұрлан Жоламановтың соңғы сөзі тыңдалады деп күтілуде.

Еске салсақ, Жоламанов пен Балмағамбетов аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды,-деген күдікке ілінген. Сотта Жоламанов өзін кінәсізбін деп, тағылған айыпты жоққа шығарды.

Ал Қайрат Балмағамбетов кінәсін толық мойындады.

Жұрағат БАМАН