Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Украинада Ұлттық банк алдындағы шеруді күшпен тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

AstanaTV
27.02.2015ж. 13:00
1083
  Украинада Ұлттық банк алдындағы шеруді күшпен тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Украинада Ұлттық банктің алдындағы шеруді күштеп тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Арсен Аваков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Еске салайық, жуырда Киевте Украина Ұлттық банкінің саясатына орай наразылық акциясы өтті. 24 ақпанда шеруге қатысушылар қажет болса, бұл акцияның ұзаққа созылатынын мәлімдеді.

Банк ғимаратының алдында шатыр тігіп, жатып алды. Көпшілік ұлттық валюта - гривнаның құнсыздануына қарсы. Бейсенбі күні, Украина ұлттық банкі  валюта тұрақтылығын сақтай алмай  7,1 пайыздық девальвацияға жол берді.

Қазір Украинада бір доллар - 30 гривнаға тең. Осылайша елдегі валютаның құны жыл басынан бері екі есеге арзандап, тарихи минимум көрсеткішіне жетті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ