$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қызметіне тыйым салынды

AstanaTV
27.02.2015ж. 13:00
1106
Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қызметіне тыйым салынды

Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қызметіне тыйым салынды. Шешім ел парламентінің отырысында қабылданды. Қазтагтың хабарлауынша, Қырғызстан депутаттары «Ойын бизнесіне тыйым салу» туралы заң жобасына өзгертулер енгізуді бір ауыздан қолдады.

Бұл, электронды казиноға және ойын автоматтарына да қатысты. Қазір Қырғызстанда рұқсат бойынша 57 букмекерлік кеңсе мен тотализаторлық ұйым жұмыс істеп тұр. Құмар ойындарға тыйым салу бастамасын көтерген депутат, Торобай Зұлпықаровтың сөзінше, аталмыш кәсіптен қоғамға тиетін залал көп. Оның мөлшері тіпті, қазынаға түскен болмашы табыстан әлдеқайда жоғары.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ