$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҚР СІМ Демократия және адам құқықтары жөніндегі бюро мен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясына сайлауды байқаушылар тобын құруға үндеді

AstanaTV
02.03.2015ж. 20:00
1145
ҚР СІМ Демократия және адам құқықтары жөніндегі бюро мен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясына сайлауды байқаушылар тобын құруға үндеді

Қазақстан заңға сәйкес әділ және ашық сайлау өткізу міндетін мойнына алады. Бұл жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңесінің басқосуында Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай мәлімдеді.

Ол ұйымға мүше елдер өкілдеріне Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлау мерзімін жариялады және еліміздің сайлауда халықаралық ұйымдардың байқау қызметіне айрықша мән беретініне тоқталды. Осы орайда, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Демократия және адам құқықтары жөніндегі бюро мен ОБСЕ-нің Парламенттік ассамблеясын байқаушылар тобын құруға үндеді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушылар мен БАҚ өкілдерін тіркеу талаптары мен мерзімін белгіледі. Тіркеу 27 ақпаннан басталып кетті. 

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (27.02.2015 ж.):

Шет елдік байқаушылар, халықаралық ұйым және шет елдік БАҚ өкілдері құжаттарын көрсеткен жағдайда, бір аудармашыдан ерте алады. Шетелдік БАҚ өкілдері тіркеу жөнінде ҚР СІМ берген құжат болған жағдайда, сайлауды байқау жүргізе алады. Шетелдік байқаушылар мен халықаралық ұйым өкілдерін тіркеу 20 сәуірде аяқталады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ