$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуропа елдері НАТО-ға қосымша қаржы бөлу туралы келісімді орындаудан бас тартты

AstanaTV
03.03.2015ж. 10:00
1079
 Еуропа елдері НАТО-ға  қосымша қаржы бөлу туралы келісімді орындаудан бас тартты

НАТО-ға мүше көптеген елдер  жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын әскери шығындарға бөлуге келіспейді. Бұл жөнінде қыркүйек айында өткен Уэльстегі саммитте бәтуа жасалған еді. Осы орайда Еуропа елдері Вашингтонның талабына қарамастан әскери бюджетті қысқартуға бел буып отыр.

«Взгляд» газеті хабарлағандай, Уэльс келісімін орындауға тек Балтық теңізі елдері мен Польша ғана дайын. Ал Германия, Ұлыбритания, Канада, Венгрия мен Болгария әскери шығындарды қысқартпақшы.

Бұрын АҚШ Солтүстік альянс бюджетінің 50 пайызын өзі көтеретін. Берлин қабырғасы құлағаннан бері ол 75 пайызға артты. Соңғы уақытта Вашингтон мұндай теңсіздікке көнгісі жоқ. Пентагон «Жалпы ішкі өнімінің 2 пайызын қимаған елдер альянстан шығады»,- деп қоқан лоққы жасады.

Алайда Еуропа елдері бұл мәлімдемені аса елей қойған жоқ.

Мөлдір ДЮСЕКИНА