Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

С. Ханке: Украинадағы жылдық инфляция деңгейі 272 пайызға жетті

AstanaTV
03.03.2015ж. 10:00
892
 С. Ханке: Украинадағы жылдық инфляция деңгейі 272 пайызға жетті

Украинадағы жылдық инфляция деңгейі шын мәнінде 272 пайызға жетті. Алайда, ресми органдар ол, бар болғаны 28,5 пайызды құрайды,-деп мәлімет беруде. The Washington Post басылымына пікір білдірген америкалық профессор Стив Ханке осындай пікір білдірді.

Ханкенің сөзінше, Украинаның валюта қоры  6,42 миллиард долларға дейін қысқарған. Және Киевте шет елдік валюта түсетін табыс көзі қалған жоқ. Мұндай жағдайда Киев долларға қатысты құны үш есе арзандаған гривнаны ұстап тұруға қауқарсыз.

«Украина валютасының осылайша құлдырауы жылдық инфляция деңгейінің  272 пайызға жеткенін көрсетеді,»-дейді Ханке. Айлық инфляция деңгейі 64,5 пайызды құрайды. Профессордың пікірінше, «Халықаралық валюта қоры» бөлген транш гривнаны уақытша тұрақтандыруға сеп болмақ.

Мөлдір ДЮСЕКИНА