$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Елбасы Назарбаев университетінің қызметкерлерімен кездесті

AstanaTV
03.03.2015ж. 20:00
1727
Елбасы Назарбаев университетінің қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерімен жүздесті. Кездесу барысында Президент назарына бірқатар ғылыми зерттеулер нәтижелері ұсынылды. Атап айтсақ, «NURIS» және «Өмір туралы ғылымдар орталығы» жетекшілері құрылғалы бері атқарған жұмыстары жайында есеп берді. Мемлекет басшысы екі ғылыми парктің зертханаларын және пилоттық технопаркті аралады.

Ғалымдардың әсіресе медицина саласында жасаған жаңалықтары ауыз толтырып айтарлық. Солардың бірі - «диагностикалық сақина» эксперименттік үлгісі. Бірегей жобаның дүние жүзінде аналогы жоқ. Ол адам бойында қандай да бір инфекциялық вирустың бар-жоғын ауруханаға бармай-ақ, 1 минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, анализ нәтижесі де дара түрде. 

Дәмел Мектепбаева, «NURIS» пәнаралық аспаптық орталығы жасуша технологиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері:

Диагностикалық сақина - инфекциялық ауруларды анықтап, шұғыл диагностика жасауға арналған құрылғы. Мұны бас бармаққа киіп, жылдам нәтижесін көруге болады. Жоба әлі зерттелу үстінде. Дегенмен, аналогы жоқ. Бәрі ойдағыдай болса, алдағы 2-3 жылда оны кеңінен қолдануға болады деп, сенеміз. Бағасы да қолжетімді болмақ. Бір данасы 50 долларға дейін жетеді деп, болжап отырмыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА