$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қызылжар өңірінде теріскейлік көршіден импортталған астық көлемі ұлғайып келеді

AstanaTV
03.03.2015ж. 20:00
1362
Қызылжар өңірінде теріскейлік көршіден импортталған астық көлемі ұлғайып келеді

Ресей рублінің құнсыздануына байланысты, Қызылжар өңірінде теріскейлік көршіден импортталған астық көлемі ұлғайып келеді. Бұл жайында «Астана» арнасы тілшілеріне Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері айтты. 

Олардың берген ақпаратына сай, отандық тауар өндірушілер арзан бағаға қызығып, ырыс дәнін Ресейден сатып алып жатыр. Тек соңғы үш айдың ішінде жат елден импортталған бидай алты есеге өсті. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төрт есе көп. Омбы облысы администрациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, қазір көрші елде үшінші класты бидай тоннасына шамамен 29 - 36 мың теңгеден сатылуда. Ал Қазақстанда астықтың дәл осы түрінің бағасы 38 мың теңге. «Баға айырмашылығы айқын сезіледі», - дейді департамент өкілі. 

Ержан Мұстафин, СҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаменті жанама салықтарды басқару басқармасының бөлім басшысы:

Біздің облыста соңғы үш айда астық импорты көбейді. Егер де 2014 жылдың қараша айында астық импорты шамамен 50 тоннаны құраса, желтоқсан айында ол 330 тоннаға дейін жетті. Ал 2015 жылдың қаңтар айында көрші елден 345 тонна бидай сатып алынды. Импортталған астық көлемі ұлғайса да, тауар айналымының жалпы құны төмендеген болатын. Себебі валюта бағамының айырмашылығы өзгерді.

Абзал ҚҰРМАНКИН