$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Елбасы дәстүрлі «Көктем шуағы» кездесуін өткізді

AstanaTV
06.03.2015ж. 20:00
1555
Елбасы дәстүрлі «Көктем шуағы» кездесуін өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада еліміздің әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуін өткізді. Президент нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, еліміздің дамуына қосып жүрген үлестері үшін алғыс айтты. Кездесу форматы құттықтаумен шектелген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев саясат, экономика тақырыптарын да қозғап, кезектен тыс президент сайлауына қатысуға өз кандидатурасын ұсыну жайында әлі нақты шешімге келмегенін жеткізді. 

Ақорда қабырғасында өткен бүгінгі жиын ерекше өтті. Мәжіліс залындағы атмосфера да бөлек. Елбасымен кездесуді асыға күтіп, қобалжыған ханымдарды Президент бірден жылы қарсы алып, жүздеріне күлкі ұялатты.

Кездесуге келген әр ханымды Елбасы жеке-жеке таныстырды. Араларында саясат сахнасында ерлермен теңдей жұмыс істеп келе жатқан нәзік жандардан бастап, спорт шеберлері, әртістер, дәрігер, бағбан, тіпті мерген қыздар да бар. Нұрсұлтан Назарбаев әрбірінің еліміздің өркендеп, дамуына қосқан үлесін жіліктеп, сөз арасында орынды қалжыңдады. Әсіресе көп балалы аналар тақырыбына келгенде, әңгіме қыза түсті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Одна женщина заходит и с ней шесть детей, она зашла, один ребенок, второй ребенок, третий... Автобус стоит. Другая куда-то торопится и говорит - ты не могла половину детей дома оставить? Она улыбается и говорит - я так и сделала.

Қазақстан Президенті туу деңгейінің өсуі жалғасып келе жатқанына тоқталды. Айтуынша, тек былтырдың өзінде 400 мың сәби дүниеге есігін ашқан. Ұлт көшбасшысы салауатты өмір салтына көп көңіл бөлу керектігіне де тоқталды. «Бұл орайда ер азаматтарымыз мені үлгі етсін», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Если бы все мужчины хотя бы придерживались моего режима, как я живу, было бы очень много здоровых людей. Ну, может быть, им стимула нет держаться. Потому что я же знаю, что вы хотите, чтобы ваш президент выглядел лучше других.

Әдемі әңгіме барасында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі әйелдердің әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. «Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыз сіздердің арқаларыңызда, сіздер үшін», - деп бірнеше мәрте қайталап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Самые лучшие и большинство наших казахстанцев - это женщины, поэтому можно сказать так - вся государственная политика, все, что мы делаем, это для женщин, для вас. Все познается в сравнении - и хорошее, и плохое. Много чего мы пережили за годы независимости, тяжелые были времена, сейчас, слава Богу, слава Аллаху, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Когда такие годы были, чтобы в каждой семье 1 машина обязательно, есть 2, некоторые - три.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикамыз қарқынды дамып келе жатқана да тоқталды. Жағдайымызыдың жақсарғаны сонша, мал бағуға да қымбат көлік мініп шығамыз деп қалжыңдасты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сегодня в село приедешь, чабан отару пасет на джипе. Представляете? Сидит и со своей старушкой разговаривает по сотовому телефону, джиптің ішінде отырып қойды бағу  - оған да жеттік.

Дәстүрлі кездесуге жиналған ханымдар Елбасының айтқан әрбір сөзін ой елегінен өткізіп, жігерлене түскенін айтуда.

Сәбина Алтынбекова, волейболшы:

Президентпен жүздесуіміз - біз үшін өте маңызды. Әрбір айтқан сөзі бізге жігер, рух беріп, қанаттандырды. Өз атымнан мен де барша әйел азаматтарын көктем мерекесімен құттықтаймын.

Ләйлә Сұлтанқызы, «Қазақстан» РТРК балаларға арналған «Балапан» телеарнасының директоры:

Басында ол кісі бірден қалжыңмен бастағаннан кейін, шай ішіп отырған үйдегі бір жағдай сияқты болды. Сондықтан өте әдемі болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауына қатысу жайында екі ойда екендігін де айтып қалды. Ол сайлау өткізу жайындағы бастаманы негізінен әйелдер қауымы қолдағанын атап өтті. Осы орайда халықтан өзін қолдап, кандидатурасын ұсыну жайында мыңдаған өтініш хаттардың келіп жатқанын да алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің жеке жоспарым өзге еді. Мен Қазақстанды тәуелсіздік алғалы бері басқарып келемін. Мүмкін театрдағыдай декорация өзгертер кез келген шығар? Дегенмен халық бірауыздан қолдайтындарын жеткізіп жатыр. Не істерімді сіздермен ақылдасайын деп едім?

Әйелдер қауымы жаһандық дағдарыс кезінде елімізді сенімді адам басқаруы тиіс деп біраузыдан шешіп, Нұрсұлтан Назарбаевты әрдайым қолдайтындарын жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы көп балалы аналарды Алтын және Күміс алқамен марапаттады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА