АҚШ Президенті
Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескеннен кейін, Украинаға
қару жіберуден бас тартты. Бұл ақпаратты Вашингтондағы неміс елшісі Петер Витте
Associated Press-ке берген сұхбатында айтты.
Ангела Меркель сөз арасында, «қазіргі
уақытта саяси және дипломатиялық келісімдерді жалғастырып, Украинаның
шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін бар күшті салу қажет»,-деді.
Петер Виттенің айтуынша, «АҚШ
пен Германия басшылығы ортақ шешімге келіп, Украинаға қару-жарақ жіберуден бас
тартты».
Кездесуден кейін Ақүй басшысы Донбастағы жағдайды саяси тұрғыда шешу керектігін
тілге тиек етті. Дегенмен, бұл мәселеге байланысты нақты шешімді әлі қабылдамағанын
жеткізді.
Самат ҚАНАҒАТОВ