Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

АҚШ сенаторлары Б. Обама тағынан тайса, Иранға қатысты келісім күшін жоюы мүмкін екенін ескертеді

AstanaTV
10.03.2015ж. 10:00
790
АҚШ сенаторлары Б. Обама тағынан тайса, Иранға қатысты келісім күшін жоюы мүмкін екенін ескертеді

Американың 47 сенаторы Тегеран мен Ақүйге ашық хат жолдады. Онда «Алтылық» пен Иран қол қойған «Иран атомы келісімі» АҚШ Президенті болып Барак Обама қайта сайланбаса, күшін жоюы мүмкін екенін ескертеді.

Сенаторлар Америка Конст
итуциясында халықаралық келісімдердің конгреспен мақұлдабаған жағдайда, жәй ғана атқарушылық құжат болып қалатынын Иранға түсіндіруде. Сондықтан Конгреспен бекітілмеген құжаттар 2017 жылы Обама лауазымынан айрылған кезде күшін жоюы мүмкін екенін жазған.

Америка конгресі, Иранға қатысты барлық келісімдерді Президенттен бұрын конгресс талқысына жіберуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, Иранқа қарсы санкциялардың қатаңдатылуын қалайды.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА