«Нұр
Отан» партиясының ертең өтетін ХVІ съезі қарсаңында Саяси кеңестің
кеңейтілген отырысы өтті. Онда
Саяси кеңестің шешімімен съезде қаралатын сұрақтардың реті бекітілді.
Сонымен съезде партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық
комиссиясының есептік мерзімдегі жұмысы қорытындыланады. Және партияның Саяси
кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшелері сайланбақ.
Бүгінгі
жиынға Саяси кеңес мүшелерінен бөлек, партияның Орталық аппаратының басшылығы,
Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері, партияның аймақтық
филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, Орталық бақылау-ревизиялық
комиссиясының мүшелері қатысты.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ