Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Теміртауда «Отты жылдардағы арулар» көрмесі ашылды

AstanaTV
11.03.2015ж. 10:00
1267
Теміртауда «Отты жылдардағы арулар» көрмесі ашылды

«Отты жылдардағы арулар». Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайы соғыс жылдарындағы әйелдер туралы тыл мағлұматтарды көрме залына шығарды. 40-қа жуық хаттар мен фотосуреттерді тамашалауға, тыл ардагерлері де келді.

Мына суретке Деля әжей 1945-жылы түсіпті. «Ол кезде бар болғаны 16-да ғана едім»,- деп еске алды, қария. Қазір, сексенді алқымдаған зейнеткер, соғыс жалындаған жастық шағын шалмаған. Кешке мектепте оқып, күндіз авиация саласындағыларға қажетті заттарды тоқыған.

Біз жараланған жауынгер киімдерін жуып, тазалап, жеңінен шұлық тігіп кидік. Түнде ол біз өкше туфли сияқты көрінетін. Солай биге баратынбыз. Көрмедегі сарғайған фотолар мен сиясы аққан хаттар қарияларға өткен күндерін еске салды.

Бірі жастық шақтарын оттың ортасында өткізсе, енді бірі күні-түні еңбек етті. Сақылдаған сары аязда, қазақ металлургия зауытында еңбек еткен 14 пен 18 жас аралығындағы жас қыздардың бейнесі ешкімді бей-жай қалдырмады.

Татьяна Хмелева, Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұраджайының аға ғылыми қызметкері:

Бұл 40 градус аязда қолдарына күрек алып, құрылыс алаңын қардан аршыған жас қыздардың бейнесі. Сондай кұндерді сағы сынбаған, олардың. Өйткені, олар Жеңіске сенді.

Бір өкініштісі, дәл Теміртау, Қарағанды қалаларынан қанша әйелдің соғысқа аттанғаны туралы мәлімет жоқ. Мұражайдағылар, естеліктер мен фотосуреттерді ардагерлердің жақындарынан сұрастырып, жинаған.

Көрмеге келушілер фотодағы бейнелердің жүзінен төзімділік пен табандылықтың нышаны байқалатынын айтады. Сұрапыл заманда Отан үшін отқа түскен арулардың ерен еңбегі, көзсіз батырлығы талай ұрпаққа үлгі болып қала беретініне сенеді.

Елена Узунова:

Көз адам жанының айнасы. Олардың жүзі мұң мен шаршауға толы. Көпті көргендерін түсіну қиын емес.

Құндыз Аманбай:

Бұл ардагерлер мендей жасында ата-аналарынан айырылды. Көп қиындық көрді.Біз оларды құрметтейміз, алғысымыз шексіз.

Айжан ҚУАШ