$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде ұсыну бастамасы көтерілді

AstanaTV
11.03.2015ж. 13:00
1276
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде ұсыну бастамасы көтерілді

«Нұр Отан» партиясы атынан президентікке үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынамыз. Саяси партияның Астанада өтіп жатқан кезекті XVI съезінде мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиев осындай бастама көтерілді.

Тәуелсіздік сарайындағы алқалы жиын Президент және партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері де мұны аса маңызды қадам деп есептейтінін Ассамблея төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков айтты.

Жиында сөз алған партия мүшелері президентікке үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты ұсыну бастамасын құптады. Бүгінгі сьездің күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе-алдағы Президент сайлауына партия атынан кандидат ұсыну болатын.

Сондай - ақ, Партияның Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есепті мерзімдегі жұмысы қорытындыланды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ