$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Бүгін Астанада Кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болды деп айыпталған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
11.03.2015ж. 13:00
1206
Бүгін Астанада Кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болды деп айыпталған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Астанада Кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болды, - деп айыпталған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған Алпысбаев Айдын 14 жылға, тапсырысты орындаушы - Сергей Логненко 12 жылға, ал Логненкоға қару жеткізді деп айыпталған Мұрат Хасенов 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске салайық, 2014 жылдың наурызында Астана маңындағы Энергетик ауылында жеке кәсіпкер Кудинге шабуыл жасалған еді. Белгісіз біреу оған Макаров тапаншасынан үш рет оқ атады.

Бірақ, кәсіпкер аман қалып, күдіктілер кезекті қылмысты ұйымдастыру кезінде қолға түскен болатын. Тергеушілер қылмыстың тапсырыспен жасалғанын анықтады. Қылмыстың ұйымдастырушысы Алпысбаев ұлттық қауіпсіздік қызметі саласында жұмыс істегенін айта кетейік.

Енді, сотталушылар сот үкімімен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде аппелляциялық сотқа шағым түсіре алады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА





 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах