Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана
мен Алматы қалаларының әкімдерін және облыс басшыларын қабылдады. Басқосу
барысында өңірлерді дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Қоғамдық-саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету, биылғы жылыту маусымын үзіліссіз аяқтау мен
көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пысықталды.
Сондай-ақ бюджет қаражатын
басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифке мониторинг жасау жайы қаралды.
Кеңесті қорытындылаған Мемлекет басшысы өңірлерді әрі қарай дамыту жөнінде
нақты тапсырма берді.
Жұрағат БАМАН