$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік қызметкері 14 жылға сотталды

AstanaTV
11.03.2015ж. 20:00
1083
Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік қызметкері 14 жылға сотталды

Бүгін Астанада Кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болды деп айыпталған 3 азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Қылмысты ұйымдастырды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік саласының бұрынғы қызметкері Айдын Алпысбаев 14 жылға сотталды. Тапсырысты орындаушы Сергей Логвиненко 12 жылға, ал Логвиненкоға қару жеткізді деп айыпталған Мұрат Хасенов 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. 

Айдына Алпысбаева признать виновным в совершении преступления, окончательно назначить Алпысбаеву 14 лет лишения свободы с конфискацией имущества с отбыванием наказания в исправительной колонии строгого режима.

Еске салайық, өткен жылдың наурызында Астана маңындағы Энергетик ауылында жеке кәсіпкер Кудинге шабуыл жасалған. Белгісіз біреу оған Макаров тапаншасынан үш рет оқ атады. Бірақ кәсіпкер аман қалып, күдіктілер кезекті қылмысты ұйымдастыру кезінде қолға түседі. Тергеушілер қылмыстың тапсырыспен жасалғанын анықтады. Енді сотталушылар сот үкімімен келіспеген жағдайда 15 күн ішінде апелляциялық сотқа шағым түсіре алады. Сотталушы Хасеновтің қорғаушысы: «Жанама айғақтар пайдаланылды, тікелей дәлелдер жоқ. Қылмыс жасалған қару табылмады, өзге де күмәнді тұстар жеткілікті», - дейді. Сот үкімімен келіспеген қорғаушы Жоғары сотқа дейін шағымданамыз деп отыр. 

Бекентай Бөбербаев, сотталушы М.Хасеновтің қорғаушысы:

Әрине, келіспеймін, сот біздің қаншама талап-арыздарымызды қабылдамаған. Ол заң бойынша деп есептемеймін. Дәлелдер заңсыз жиналған да. Мотив дәлелденбеген. 10 мың долларға адам өлтіру - бұл күлкілі. Мен ойлаймын, кінәсі дәлелденбеген деп.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ