Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ВТБ тарату комиссиясының бұрынғы төрайымы Жәмила Омарханова материалдық өтемақы ала алмай жүр

AstanaTV
11.03.2015ж. 20:00
927
ВТБ тарату комиссиясының бұрынғы төрайымы Жәмила Омарханова материалдық өтемақы ала алмай жүр

Банкротқа ұшыраған «Валют Транзит банкі» тарату комиссиясының бұрынғы төрайымы қарағандылық Жәмила Омарханова өзіне келтірілген материалдық шығынды өндіре алмай жүр. Сот шешімімен Қаржы министрлігі оған 10 миллион теңгеге жуық өтемақы төлеуі тиіс. Шешім шыққалы 4 ай болды.

Жәмила Омарханова жалған кәсіпкерлікпен айналысып, 1 жарым млрд теңгені жымқырды деген айыппен 2011 жылы маусымда 4 жылға сотталған. Бір жарым жылдан соң, ақталып шықты. Жазықсыз айыпталып, түрмеге қамалғаны үшін, ол қаржы министрлігінен 9 миллион 617 мың теңге материалдық өтемақы талап еткен. Жәбірленушінің арызын Қарағандыдағы Қазыбек би атындағы азаматтық істер бойынша аудандық соты қанағаттандырды. Алайда, сот шешімі орындалмай келеді.

Жәмила Омарханова, «Валют Транзит банк» АҚ тарату комиссиясының бұрынғы төрайымы:

Өзімнің абақтыда болғаныма әлі сене алмаймын. 1 жарым жыл бойы бостандықтан айырылғанымды қағазға жазып, сыйдыру мүмкін емес. Экономикалық тұрғыдан 9 миллионнан астам теңге оның қасында түк емес. Мемлекеттен осындай сомма талап етіп отырмын. Сот шешімінің орындалуын күтем. Соңына дейін күресем.

Айжан ҚУАШ