$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Франция президенті Қарулы күштерді 10 мың адамға дейін мобилизациялау туралы шешім қабылдады

AstanaTV
12.03.2015ж. 10:00
1030
Франция президенті Қарулы күштерді 10 мың адамға дейін мобилизациялау туралы шешім қабылдады

Франция президенті қарулы күштерді 10 мың адамға дейін мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы француздық Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды Рейтерс.

Франсуа Олландтың сөзінше, Францияға төнген террористік қауіп әлі де жоғары. Осыған байланысты күллі ел аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы Президенттің бұйрығы өз күшінде қалып отыр.

Бұл сақтық жұмыстары Charlie Hebdo редакциясында болған атышулы оқиғадан кейін қолға алынды. Еске салайық, биыл қаңтар басында қара нәсілді француз Амеди Кулибали Парижде өткізіліп жатқан мысықтар көрмесіне басып кіріп, адамдарды кепілге алған еді.

Елдің үрейін ұшырған ол журнал редакциясын қан-жоса қылып, кейін Париждің іргесіндегі Даммартен қалашығындағы баспаханаға бекінген, ағайынды Куашилерді босатуын талап етті. Бірақ оның талабы орындалмады. Арнайы жасақ, баспахана мен дүкенге бір мезетте шабуыл жасап, олардың көзін жойған еді.

Еркін КАРИН