Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Халықаралық валюта нарығында евро бағамы түсті

AstanaTV
12.03.2015ж. 10:00
1083
Халықаралық валюта нарығында евро бағамы түсті

Халықаралық валюта нарығында евро бағамы 1 пайызға түсті. 2003-жылдың сәуірінен бері ең төменгі мөлшер 1,05 долларға әлсіреді. Бұған Лондон биржасының (LSE) мәліметі дәлел,- деп жазады Lenta.ru.

Еуропалық Орталық банкі арнайы бағдарлама енгізген. Осының негізінде евро, америка долларына шаққанда құнын жоғалтқан. Олар Еуропалық Одақ елдерінен ай сайын 60 миллиард евроға мемлекеттік облигация сатып алатын болады.

Банк енгізген бағдарлама 2016-жылдың қыркүйегіне дейін жалғаспақ. Осылайша Еуропа орталық Банкі экономикалық өсуді жеделдетіп, дефляцияны жеңуден үмітті. Американың Goldman Sachs банкі әлемнің түрлі аймақтарындағы экономикалық даму болжамын жария етті.

Соның ішінде, мұнай мен валюта бағамы да бар. Банк сарапшыларының пайымынша, 2017-жылдың басында еуро бағасы 1 доллар болуы да ықтимал.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ