$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Декларацияға өзі жайында толық мағлұмат бермеген кандидаттар сайлау науқанына жіберілмеуі мүмкін

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1624
Декларацияға өзі жайында толық мағлұмат бермеген кандидаттар сайлау науқанына жіберілмеуі мүмкін

Депутаттықтан үміткер болып тіркелгендер табыс декларациясында активтерін көрсетпесе, сайлауға қатыстырылмайды. Орталық сайлау комиссиясы тіркелген кандидаттарды тексеру рәсімі қалай жүретінін тағы бір мәрте еске салды.

Комиссия мүшесі Марат Сәрсембаевтың айтуынша, депутаттықтан үміткерлерге қатысты ақпарат алдымен ішкі істер органдары қарауынан өтеді. Азаматтығы анықталады. Соттылығы мен жемқорлық қылмыстар мен былығының бар-жоғын прокуратура назарға алады. Бұл жұмыс көп уақыт алмайды. Ал табыс декларациясын тексеруге уақыт керек.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Салық органдарының анықтамасы тіркеуден кейін болады. Заң бойынша солай көрсетілген. Кейбір азаматтар, мысалы, олардың ісі ұмытылып кетсе немесе әдейі көрсетпесе, әр түрлі болып қалуы мүмкін. Ондай жерде сол адамдар кандидаттық өзінің мәртебесінен шығарылуы мүмкін.

Айгүл ӘДЕПБАЙ