Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан мұнай-газ кеніштерін геологиялық барлауға биыл 3 миллиард теңгедей қаржы жұмсайды

AstanaTV
12.03.2015ж. 13:00
1310
Қазақстан мұнай-газ кеніштерін геологиялық барлауға биыл 3 миллиард теңгедей қаржы жұмсайды

Қазақстан 2015 жылы мұнай және газ кеніштерін барлауға 3 миллиард 260 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Мұндай мәлімдемені  Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жасады.

Астанада бүгін  мұнай және газды геологиялық барлау жөніндегі халықаралық форум жұмысын бастады. Жиында сөз алған Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин, «Әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты өндіріс баяулайды. Алайда, геологиялық барлау бұрынғы қалпында сақталады»,- деді.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Биыл 200-ге жуық геологиялық ұңғыма бұрғылау жоспарда бар. Яғни өткен жылғы көрсеткіш деңгейі сақталады. Жер қойнауын пайдалануда өндіріс көлемі бойынша міндеттемелерді орындаудың қиындауына қарамастан, мәселен қаржылық жағынан, несие алу қиындығына байланысты міндеттемелер бойынша жеңілдік сұраған өтініштер болды. Бірақ, оған қарамастан геологиялық барлау жұмыстарының қысқармауы бізге үміт ұялатады.

Жалпы мұнай және газ өндірісін қолдау бағытында Үкімет бірқатар шаралар қолданды. Мәселен, шикізаттың экспорттық-кедендік салығын 80 доллардан 60-қа дейін төмендету жөнінде шешім бар. Алайда Қазэнерджи қауымдастығының директоры бұл қадамның да қажетті нәтиже бермегенін айтады.

Әсет Мағауов, «Kazenergy» Қауымдастығының бас директоры:

Қазір экспорттық салық 80 доллар. Бірақ мемлекеттік органдармен бұл көрсеткішті 60 долларға дейін төмендету келісімі жасалды. Біз бұдан да төмендету қажет деп есептейміз. Ұлттық экономика министрлігі жанында жұмыс тобымен, 80 мұнай және газ компаниясына сұрау тастап, оның 57-сінен оң жауап алып, қазір осы жұмыс тобына экспорттық-кедендік салықты бұдан да төмендету жөнінде ұсыныс әзірлеп жатырмыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ