Іскер әйелдер қауымдастығы
нәзік жандылардың саясатқа белсенді араласуын қолдайды. Бұл туралы
Астанада журналистер үшін арнайы брифинг өткізген қауымдастық өкілдері
мәлімдеді. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер
қатарында әйелдердің бәсі артқан. Бұл үрдіс жалғасын табуы тиіс, дейді
қауымдастық өкілдері.
Баян
Тойкебаева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:
«Нұр
Отан» партиясынан 127 адам қатысады, оның 30-ы әйел, бұл 23,6 пайызға
артық. 2012 жылмен салыстырғанда әйелдер 3,1
пайызға артқан, коммунистерден 19 үміткер болса, соның 4-і, «Ауыл» партиясынан 2
әйел түскелі отыр. Жалпы Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы әйелдердің
саясатқа белсенді араласуын қолдайды.
Іскер
әйелдер қауымдастығы өкілдері, қазақстандықтар «100 нақты қадам» ұлт жоспарын
іске асыруда күш біріктіру керек, дейді. Сондай-ақ ұйым төрайымы Раушан
Сәрсембаева, Елбасының «Нұр Отан» партиясының 17-ші съезіндегі баяндамасы
ғаламдық дағдарыс жағдайында өте маңызды, деп есептейді. «Айқындалған
міндеттерді жүзеге асыруға мемлекеттік органдар емес, қазақстандықтар да ат
салысуы қажет. Сондықтан әрбір адам еңбек өнімділігін екі есе арттыруы тиіс»,
- деді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА