$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Мемлекеттік сараптаманың еншісінде теxнологиялық күрделі 10% сараптама қалатын болады

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
2365
Мемлекеттік сараптаманың еншісінде теxнологиялық күрделі 10% сараптама қалатын болады

2020 жылға дейін құрылыс сапасын тексеріп алатын мемлекеттік сараптаманың 90 пайызы жекеге беріледі. Тек технологиялық күрделі құрылыс нысандарына ғана мемлекеттік сараптама жасалмақ. Бұл жөнінде Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлімдеді.

Жыл басынан сараптама қызметінің 50% жеке нарыққа өтті. Енді бәскелі ортаға жыл сайын 10%-дан өтеді. Сараптама қызметін көрсететін 19 жеке ұйым тіркеліп үлгерген. Комитет басшысының айтуынша, бұл реформа «100 нақты қадамның» 47-ші қадамына сай қолға алынған. Осылайша құрылыс саласының жұмысы оң жолға қойылып, рәсімдеуге кететін уақыт үнемделеді, дейді Мархабат Жайымбетов.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы:

Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мақсатында, технологиялық күрделі ғимараттар мен құрылыстардан өзге барлық мемлекеттік сараптама қызметі жеке нарыққа беріледі. Бұған дейін жеке компаниялар экспертизалық жұмыстардың 20 пайызымен айналысатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА