Қостанайда 30 көпқабатты үй
тұрғындары 4 күннен бері суық сусыз отыр. Құбырдың жарылуынан мектеп, балабақша
және қалалық аурухана да тіршілік нәрінен қағылған. Төтенше жағдай қаңтардың
31-інде болған. Келесі күні коммуналды қызмет мамандары құбырды жамағанымен, су
қысымына шыдас бермеген.
«Қостанай су» мекемесінің мамандары, 50 жылдан бері
қолданыстағы құбырдың тот басып, тозығы жеткенін айтты. Сондықтан бұл аумақтағы
су жүйелері толық ауыстырылмақ.
Виталий Панаетов, «Қостанай су» МҚК
бас инженерінің орынбасары:
Темір құбыр 1963 жылы
қолданысқа берілген. Яғни пайдалану мерзімі де межесіне жетті. Ал суық суды
ертең түске дейін беруді жоспарлап отырмыз.
Заңғар САНАЙ