Қазақстан
журналистері БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері Парламент Мәжілісі
мен мәслихат депутаттарын сайлаудан ақпараттандыру кезінде этикалық нормаларды
сақтау туралы хартия қабылдады.
Шара
бас редакторлар клубының бастамасымен жүзеге асты. Құжатты қабылдаудағы басты
мақсат - маңызды саяси науқан барысында журналистердің жауапкершілігін еске
сала отырып, шынайы ақпарат беру. Хартия еліміздің Ата Заңына, «Сайлаулар
туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес жасалған.
Бибігүл
Жексенбай, бас редакторлар клубының президенті:
Бас
редакторлар клубы он жылдай жұмыс істеп келе жатыр. Бұл үшінші сайлауға
осындай арнайы хартия қабылдап отырмыз. Біздің 250-ден аса мүшелеріміз бар
бүкіл Республика бойынша. Хартияның негізгі міндеті - қара пиарға, жеңіл
ақпарат, жалған ақпарат таратуға жол бермеу.
Айгүл ӘДЕПБАЙ