Қоғамдағы жең ұшынан жалғасқан,
сыбайлас жемқорлық, Оралда театр сахнасында қойылды. Келеңсіз індет туралы
спектакль «Құдалар» деп аталады.
Туындыда бір-біріне ғашық қыз бен жігіттің өмірі баяндалады. Қызын сатып байымақ
болған отбасы үшін жігіт қулыққа барады. Дипломды сатып алып, адамдарды алдап,
қайын жұрттың талабын орындамақ болады.
Болашақ жарының алаяқтығын тойдың
алдында ғана білген қалыңдық, оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Қоғамның парақорлықтан,
алаяқтықтан жиренуін мақсат еткен қойылымда кәсіби әртістер ойнайды.
Көрермендер
негізінен жастар. Жемқорлармен күрес саласы мамандары, осындай шаралар арқылы оқу
орындарындағы жақсы бағаның сатылуы, мұғалімдерге жасалар заңсыз сыйлықтарға қарсы
тосқауыл қоюға болатынына сенімді.
Біржан Хайруллин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің БҚОД кеңесшісі:
Адамгершілігі мол адам еш уақытта да жаман жолға
бармайды, сыбайлас жемқорлыққа да бармайды. Біз әр адамның бойында адалдық, еңбексүйгіштік,
білім алуға шақыру арқылы оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын
қалыптастырамыз деп ойлаймыз.
Еркін КАРИН