$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазан қаласындағы сауда орталығындағы ірі өртке күдіктілер саны артуда

AstanaTV
16.03.2015ж. 10:00
1533
Қазан қаласындағы сауда орталығындағы ірі өртке күдіктілер саны артуда

Қазандағы сауда орталығында болған өртке себепші деген күдікпен тағы бір азамат ұсталды. Ол «АС Менеджмент» компаниясының бас директоры Роберт Хайруллин. Сондай-ақ компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Семин іздестірілуде.

Болжам бойынша ол Францияда болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей тергеу комитеті хабарлады. Сауда орталығын жалға алушы фирманың басшысы Гусейн Гахраманов пен оның орынбасары Николай Каекин қазір қамауда.

Алдағы 10 күн ішінде оларға
«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды»,- деген айып тағылады. Еске салайық, өрт 11 наурызда «Адмирал» сауда орталығында болды. Қаза тапқандар тізімінде 17 адамның аты-жөні бар.

Бірақ үйінділер астынан мәйіттерді іздестіру әлі де жүріп жатыр. Болжам бойынша өртке істен шыққан электр сымдары себеп болуы мүмкін.
«Күзетшілер өрт сөндіру қызметін уақытылы шақырғанда, жалынды ауыздықтауға болар еді», - дейді құтқарушылар.

Алдоңғаров АЗАМАТ