Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қырым түбегі халқының Ресейге қосылу шешіміне бір жыл толды

AstanaTV
16.03.2015ж. 10:00
2728
Қырым түбегі халқының Ресейге қосылу шешіміне бір жыл толды

Бүгін Қырым түбегінде Ресейге қосылу жөніндегі референдумның өткеніне бір жыл толды. 2014 жылдың 16 наурызында, Ресей тарабының дерегі бойынша, қырымдықтардың 96 пайызы Ресей Федерациясымен бірігуді қолдап дауыс берген.

17 наурызда, Қырым Жоғарғы кеңесі референдум қорытындысына сүйеніп, Севастопольге ерекше мәртебе берді, түбекті егеменді Қырым Республикасы етіп жариялады. Дәл сол күні Владимир Путин тиісті қаулыға қол қойды.

Өткен жылдың 18-інші наурызында Қазақстанның Сыртқы істер министрілігі,
«ресми Астана Қырымда өткен референдумды халық еркінің көрінісі деп қабылдап, Ресей Федерациясының әрекетіне түсіністікпен қарайды, -  деп мәлімдеген.

Ал 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырым референдумын заңсыз деп тану резолюциясын қабылдады. Қазақстан тарапы бұл шешімге қатысты пікір білдірген жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ