Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты

AstanaTV
16.03.2015ж. 20:00
1369
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Ақмола облысына сапарлап, Көкшетау қаласының бірқатар кәсіпорындарын аралады. Өңірдің ірі кәсіпорнының бірі - «Камаз-Инжиниринг» АҚ-ның жұмысымен танысты. Президент осындай ірі өндірістер облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын атады. Одан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті.

Президент Көкшетау қаласын Астананы азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі қала деп атады. «Молоко Синегорья» Көкшетау сүт зауытында болғанда
, ауыл шаруашылығының табыстылығын арттыру үшін, сүтті шикідей сатпай, айырып, сапа мен қатар құнын арттыруды тағы тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде өндіріс көлемдері мен сұраныстың төмендеуіне қарамастан, еліміз зауыттар құрылысын тоқтатпайтындығын мәлімдеді. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 49 индустриялық кәсіпорын жұмыс істеуде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Астана - жақын орналасқан табиғи тұтынушы. Елорда өсіп келеді, сәйкесінше, тұтыну да ұлғая бермек. Жалпы алғанда, Ақмола облысы елдің өзге де солтүстік өңірлерімен бірге, әлемдік маңызға ие астықты аймақ. Бүгінде Қазақстанның бидайы танымал бренд саналады және әлемдік азық-түлік қорын есептеу кезінде біздің елдің ресурсы да қаперге алынады. Соған орай біз үшін аграрлық өнімдердің көлемі мен сапасын одан әрі арттыру - зор жауапкершілік.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ