$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Президенттік сайлау нақанының екінші кезеңіне өткендер саны 6 адамға жетті

AstanaTV
16.03.2015ж. 20:00
1417
Президенттік сайлау нақанының екінші кезеңіне өткендер саны 6 адамға жетті

Қазақстанда президент сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, алдағы сайлау додасына қатысуға ниет білдірген барлығы 27 азаматтың өтініші тіркелді. Олардың  екеуін саяси партиялар ұсынса, қалған 25 үміткер өзін өзі ұсынғандар. Үш үміткер тіл сынағын тапсыруға келмеді. Ал Орталық сайлау комиссиясы 11 адамды президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты: 2 адам жасы қырыққа толмауына, ал 9 азамат лингвистикалық комиссия сынынан өте алмауына байланысты тіркеле алмады. Соның бірі - кеше 35 қате жіберіп,  емтиханнан сүрінген экономист-саясаткер Серік Тасқараұлы.

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР ОСК лингвистикалық комиссиясы төрағасы:

Тақырыпты аша алмады. Жұмыс сауатсыз жазылған. 35 қате. Емле -  11, тыныс белгісі - 15, стилі - 9. Абайдың 43-қара сөзін ежелеп оқыды. Қайталап оқыды.

Комиссияның қорытындысымен мен келіспеймін. Неге десеңіз, мен мемлекеттік тілді жақсы меңгергенмін. Олай қорытынды шығаруға құқықтарыңыз жоқ. Мен сияқты әр қазақ білсе, Қазақстан өркендейтін еді. Мырзатай мырза, мен сізден кем білмеймін.

Осылайша, үміткер лингвистикалық комиссия жұмысына күмән келтірді. Алайда, комиссия төрағасы журалистерге Серік Тасқараұлының жазба жұмысын көрсетіп, қателерін жариялады  Сыннан сүрініп, ашуға булыққан азамат журналистерге де дөрекілік көрсетті.

Ал бүгін журналист Жарылқап Қалыбай қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырды. Оның «Отты жылдар тағылымы» тақырыбында жазылған шығармасынан лингвистикалық комиссия қате таппады. Сынақта ол сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының прозасын оқып, мәдени мұра тақырыбында сөйледі. Алайда үміткер, 5-6 күннің ішінде қажетті 93 мыңдай қолды жинай аларына, күмәнді.

Айта кетейік, үміткерлерді кандидат ретінде тіркеу 25 наурызда аяқталуы тиіс. Ал президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі комиссия жұмысы 18 наурызда тәмамдалады. Әзірге лингвистикалық комиссиядан өткен 6 үміткер Қазақстан Конституциясы мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкес деп танылды. Әлі сынақтан өтуі тиіс 6 үміткер бар. Айта кетейік, Қазақстан Президентін сайлау 26 сәуірде өтеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ