Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астанаэнергосбыт» ЖШС 17,4 млн теңге жылу ақысын заңсыз есептеген

AstanaTV
17.03.2015ж. 10:00
1098
«Астанаэнергосбыт» ЖШС 17,4 млн теңге жылу ақысын заңсыз есептеген

«Астанаэнергосбыт» ЖШС қаңтар айында Астана қаласындағы 445 көпқабатты үйге 17,4 млн теңге жылу ақысын заңсыз есептеген. Бұл жылу есептегіш құралдары орнатылмаған үйлер болатын. Мұндай ақпаратты Ұлттық экономика министрлігіне қарасты табиғи монополияларды реттеу комитетінің қалалық департаменті таратты,-дап жазады Қазтаг.

Департаменттің ақпаратына сәйкес
«Астанаэнергосбыт» серіктестігінің бұл әрекеті қолданыстағы заңдарға қайшы келеді. Сонымен бірге Астана қаласының прокуратурасы да компания тарапынан заң бұзушылықтың орын алғанын анықтап отыр.

Департамент тексеруінен соң жылу таратушы компанияға қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық жөніндегі хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды. Тұрғындардың артық төлеген ақшасы кері қайтарыла ма, жоқ па ол жағы әлі белгісіз.

Самат ҚАНАҒАТОВ