Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейде жұмыссыздар саны күн санап өсуде

AstanaTV
17.03.2015ж. 10:00
1173
  Ресейде жұмыссыздар саны күн санап өсуде

Ресейде жұмыссыздық деңгейі артып барады. «Екі қолға бір күрек» таппай жүргендер қатарында Байқоңыр қаласының тұрғындары да бар. Ресей Еңбекпен қамту министрлігінің хабарлауынша,11 наурызға дейінгі ақпаратқа сәйкес, тиісті мемлекеттік органдарда 991 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жыл басынан бері олардың саны апта сайын 2 пайызға артып отырған,- дейді Ресейдің Еңбекпен қамту министрі Максим Топилин. 1-інші сәуірге дейін жұмыссыздық деңгейі елдегі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,2 пайызын құрайды деген болжам бар.

Мәселен, тиісті органдарға жұмыссыз ретінде 65 кәсіпорнынның қызметкерлері тіркелді. Жұмыссыздар саны бойынша көш басында Мурман, Ульянов, Иванов, Магадан облыстары мен Татарстан тұр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ



  

Алдыңғы жаңалық