Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда тапа-тал түсте оқ атқан күдікті ұсталды

AstanaTV
17.03.2015ж. 20:00
1551
Алматыда тапа-тал түсте оқ атқан күдікті ұсталды

Тапа-тал түсте Алматының ортасында оқ атқан күдікті ұсталды. Көлігін тізгіндеген жүргізуші тұрақақы 100 теңгені төлегісі келмеген. Тұрақшымен жаға жыртысып, ізінше қаруын шығарған. 14 наурызда болған оқиғаға қатысты қалалық ІІД бүгін БАҚ өкілдеріне түсінік берді.

Жаға ұстатар жағдай қаланың қақ ортасында, адамдар көп жүретін «Арбатта» болған. Полиция дерегінше, көлік тұрағы қызметкері «Toyota RAV4» автокөлігінің жүргізушісінен қызмет ақысын сұраған. Алайда, ақша төлегісі келмеген «Toyota RAV4» автокөлігінің жүргізушісі травматикалық тапанша алып шығып, оқ жаудыра бастаған. Бірнеше рет атылған оқ көлік тұрағының қызметкеріне тиді. Жарақат алған 1995 жылы туған қызметкер жедел жақын ауруханаға жеткізіліпті. Оқиға орынында 4 гильза табылды. Күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады. Қазір осы дерек бойынша «Қару қолдана отырып, бұзақылық жасау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Оның сөзіне сенетін болсақ, түсінік беру кезінде екі жас жігіт арасында жанжал туындаған, яғни тұраққа төлем бойынша. Сол сипатта сезікті өзінің травматикалық тапаншасын қолданып, жәбірленушіге оқ жаудырған. Қылмыстық кодекстің 293-баптың үшінші тармағы бойынша осы қылмыс үшін заң шығарушы органмен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр.

Оқ атқан азамат ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен уақытша оқшаулау абақтысынан босатылды. Бұл туралы бізге Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ал күдікті ретінде ұсталған Иван Хутор біздің арнаның тілшілеріне қазір қаладағы ауруханалардың бірінде жатқанын телефон арқылы айтты. Ол төбелес кезінде басынан жарақат алса керек. Оқиға туралы өз версиясын айтқан ол, автотұрақ қызметкерлері өзінен ақыны заңсыз сұрады, деп санайды, тіпті куәлікті көрсетпеген. Не десе де, бұл істің ақ-қарасын енді тергеушілер анықтайды.

Берік ХАСЕНОВ