Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағанды кеншілері алдағы сайлауға белсене қатыспақ

AstanaTV
17.03.2015ж. 20:00
2572
Қарағанды кеншілері алдағы сайлауға белсене қатыспақ

Қарағанды кеншілері, жерлестерін алдағы президент сайлауында белсенділік танытуға үндеді. Бүгін Түсіп Күзембаев атындағы шахтада елдегі саяси науқанға байланысты жиын өтті. Онда 2 жарым мыңнан астам шахтер дауыс беруге дайын екендерін мәлімдеді.

Түсіп Күзембаев атындағы шахта кеншілері «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінің шешімін толық қолдайды. Қазіргі таңда жалпы сайлау тақырыбы еңбекші ұжымдар арасында қызу талқылануда. Кеншілер саяси науқанның ел экономикасы мен саяси тұрақтылығына септігін тигізетініне сенім артып отыр.

Күзембаев шахтасында 2 жарым мыңнан астам кенші еңбек етеді. Шахта жылына 2 млн тоннадай кокс көмірін қазады. Қазақстанның индустриалдық дамуына өзіндік үлес қосып отырған еңбекшіл қауым көп ұлтты қазақстандықтарды да саяси белсенділікке үндеді. 

Андрей Горьковенко,Т.Күзембаев атындағы шахта монтаждаушысы:

Біздің ұжым көп ұлтты және ұйымшыл. Елдегі саяси жағдайға түсіністікпен қараймыз. Президент сайлауына барлығымыз бір кісідей қатысамыз. Ең алдымен Отанымызда бейбітшілік болсын! Бұл біздің басты таңдауымыз.

Айжан ҚУАШ