Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Астанаэнергосбыт» тұтынушыларға 17 млн теңгеден астам соманы артық есептеген

AstanaTV
17.03.2015ж. 20:00
1084
«Астанаэнергосбыт» тұтынушыларға 17 млн теңгеден астам соманы артық есептеген

«Астанаэнергосбыт» тұтынушыларды алдап соқты. Монополист компания қаңтарда Елорда тұрғындарынан жылу үшін 17 млн теңгеден астам соманы артық өндіріп алған. Коммуналдық түбіртектерге артық ақша есептеген. Түбіртектерден жылуға келген соманың көптігін көрген кей тұрғындар монополияларды реттеушілер мен прокуратураға шағымданған. Ал басым бөлігі төлеп қойған. Тиісті тексеріс «Астанаэнергосбыттың» құйтырқылығын әшкереледі. Әрекетін заңсыз деп тапты. Монополистер жылуды есептейтін құрылғылары жоқ ескі 5 қабатты үйлерден артық тиын-тебен өндіріп отырған. 

Марат Мұстафин, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы:

Прибор жоқтарға норманы көбейтіп жеберген. Соның әсерінен қаңтар айында 445 үйге 7 мыңның үстінде артық халыққа төлеуге берілген квитанциялары. Ол 17,4 млн теңге. Сол тұтынушыларға артық квитанция жіберілген.

Енді «Астанаэнергосбытқа» артық ақшаны қайтару керек. Қаңтар түбіртектерінде жазылған сома наурызда қайта есепетелмек.

Құзырлы орган өкілінің айтуынша, монополистке 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Іс сотқа жіберілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ



{