$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Испанияда ұсталған жихадшылар король отбасына қастандық жасамақ болған

AstanaTV
18.03.2015ж. 10:00
1030
Испанияда ұсталған жихадшылар король отбасына қастандық жасамақ болған

Испанияда ұсталған жихадшылар король отбасына қастандық жасауды жоспарлаған. Олар Филипп VI-шы мен оның қыздарын өлтіруді көздеген, - деп хабарлайды Sputnik агенттігі. Полиция тінту кезінде табылған хатты оқып осындай шешімге келді.

Онда
«Филипп қыздары үйінді астында қалған кезде, қайғының не екенін білетін болады» деп жазылған. Күдікті ретінде ұсталған алты ер адам мен екі әйел қамауға алынды.

Елдегі бірнеше қалада бой тасалап жүрген олар жарылыс ұйымдастырмақ болды. Сирия мен Ирактағы соғысқа жастарды тартты деген күдікке ілінген. Испания Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, аталмыш топ ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ