Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Пәкістанда мұсылмандар мен христиандардың қарым-қатынасы ушығып тұр

AstanaTV
18.03.2015ж. 10:00
871
 Пәкістанда мұсылмандар мен христиандардың қарым-қатынасы ушығып тұр

Пәкістанда тағы да бүлік. Лахор қаласында полиция ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Алайда дүрліккен топ оңайлықпен тарқамайтын түрі бар. Христиан шіркеулерінің жанына жиналған олар көліктерді қиратып, дөңгелектерін өртеді.

Көшелерді жауып, полицияны таспен атқылады.Тәртіпсіздіктер екі бірдей шіркеуде орын алған жарылыстардан кейін басталды. Кемінде 15 адам қуатты бомбаның құрбаны болды. «Талибан» ұйымы жарылысты мойнына алған.

Қайғылы жағдайға қатысты ұсталған екі күдіктіні ашынған топ тірідей өртеп жіберді. Іле-шала христиандар шіркеу алдында бейбіт шеруге жиналды.
Олар «христиандарды өлтіруді доғарыңдар» деп ұрандатты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ