$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Екпеден соң жағдайы нашарлаған жасөспірімдерді тексеруге Астаналық дәрігерлер Ақтауға барды

AstanaTV
19.03.2015ж. 10:00
1043
Екпеден соң жағдайы нашарлаған жасөспірімдерді тексеруге Астаналық дәрігерлер Ақтауға барды

Қызылшаға қарсы екпеден соң жағдайы нашарлаған жасөспірімдерді тексеруге Астанадан бірнеше дәрігер Ақтауға барды. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектібаев мәлімдеді,-деп жазады Қазақпарат.

Оның айтуынша, қазір Жаңаөзенде екпеден соң жағдайы нашарлаған 15 бала ауруханада жатыр. Оларды Республикалық орталықтан барған 6 маман тексеруде. Тағы 4 білікті маман-ғылым докторы мен кандидаттары да аймаққа арнайы барды.

Олар алдымен Маңғыстау облыстық ауруханасындағы 5 науқасты жіті тексереді. Сонан соң Жаңаөзендегі балаларды қарайды.  Бектібаевтың сөзіне сүйенсек, Алматы мен Астанадағы республикалық орталықтарға бұған дейін 21 жасөспірім жіберілген.

Еске салайық, еліміздің бірқатар облыстарында қызылшаға қарсы екпеден соң ауруханаға түскендер саны күрт артып кеткен еді. Екпе жасалған жеткіншектер басы ауырып, денесі құрысып, әлсіздік пайда болғанын айтып шағымданған.

Осы жағдайларға байланысты Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе 2 наурызға дейін тоқтатылды. Ал соңынан бұл мерзім 4-мамырға дейін ұзартылды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА